Жатыр мойны обырын тегін анықтауға болады
Жатыр мойны обыры туралы ақпаратты халық арасында кеңінен насихаттау және хабардар ету айлығы аясында 31 қаңтар күні Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Ашық есік күні өтеді. Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия орталығы да аталған бастамаға қосылып, әйелдерге тегін профилактикалық тексеруден өтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанина көшесі, 6
Уақыты: 31 қаңтар, сағат 09:00–13:00
Естеріңізге сала кетейік, жатыр мойны обыры Қазақстанда әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде екінші орында тұр. Жыл сайын 1 800-ден астам жаңа жағдай тіркеледі. Аурудың бастапқы кезеңі көбіне белгісіз өтетіндіктен, оны ерте анықтаудың ең тиімді жолы — тұрақты профилактикалық тексеру. Ерте диагностика дер кезінде және нәтижелі ем алуға мүмкіндік береді.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз — Ашық есік күніне қатысып, тексеруден өтіңіз.
Фото: ШҚО КОжХО