Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігі шектелмек
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруіне шектеу қою мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«... Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен масс-медианың қызметін реттейтін заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеген. Бұл өзгерістер сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылады», – деді Аида Балаева.
Министр бұл өзгерістердің тиімді жүзеге асуы үшін Оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты. Қажет болған жағдайда жауапкершілік шаралары да қарастырылатын болады.
Оқи отырыңыз
Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалдыАида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырдыҚазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылудаЕлімізде балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігі шектеле ме?Аида Балаева Google өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады