KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Үш ай, төрт күн...Өскеменде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

9.04.2022, 11:29 162

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің полицейлері осы жылдың қаңтар айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы Ольга Р.-ның денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

"3 қаңтарда Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына 1 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 1982 жылы туған Р.О.-ның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш келіп түсті. Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, іздеуге жеке құрам жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Әйелдің денесі үш ай төрт күннен кейін табылды. Эксперт-криминалистердің берген мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен жарақат табылмаған.
Өлімнің себебі тағайындалған сот-медициналық сараптама аясында анықталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив