KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, Ю
509.75 594.67 6.46

Былтыр ШҚО-ға 774 қандас көшіп келді

12.01.2026, 16:00 103 Ержан Әбіш

2025 жылы Қазақстанға шетелден 6 843 адам, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына 774 адам көшіп келді. Барлық көшіп келушілердің 2234-і – қандас, ал қалғаны қоныс аударушылар санатына жатады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, көшіп келушілерді қабылдауда солтүстік өңірлер алдыңғы орында тұр. Атап айтқанда, Павлодар облысына 2 190 адам, Солтүстік Қазақстан облысына 2 176 адам, Шығыс Қазақстан облысына 774 адам, Қостанай облысына 651 адам, Абай облысына 508 адам қоныс аударған. Сонымен қатар Ақмола облысына – 300, Атырау және Ұлытау облыстарына – 103-тен, Қарағанды облысына 38 адам келген.

Қандастар мен қоныс аударушылар негізінен Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Түрікменстан елдерінен көшіп келген. Нақтырақ айтқанда, Қытайдан – 853, Өзбекстаннан – 720, Моңғолиядан – 459, Ресейден – 103, Түрікменстаннан – 64 адам, басқа елдерден 35 адам қоныс тепкен.

Министрліктің хабарлауынша, қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36 пайызға төмендеген. Бұл шаралар қандастар мен қоныс аударушыларды әлеуметтік және тұрғын үймен қамту деңгейін жақсартуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу