KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Глубокое ауданының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

12.02.2022, 17:32 322

Глубокое ауданының экс-әкімі Тамара Рахымжанова әлеуметтік акционерлік қоғам басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы акционерлік қоғамның ресми сайтынан белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 2021 жылдың тамыз айында Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Сергей Қимасовтың ұсталғаны мәлім болды. Ол қыркүйек айында аудандық маңызы бар жолдарды тазалау, күтіп ұстау және төтенше жағдайларды жою бойынша атқарылған жұмыстарды бюджеттен уақтылы қаржыландыруға қатысты, «Прииртышье-1» ЖШС басшысы Виктор Леонтьевтен пара алды деп айыпталды. Леонтьевтің сөзінше, Қимасов оған аудан әкімінің өтініші бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт сомасынан 10 пайыз қайтарып алу керектігін айтқан. Бірақ бұл сотта дәлелденбеді. Нәтижесінде әкімнің экс-орынбасары Сергей Қимасов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 3 жылға сотталды. Ал Тамара Рахымжанова  осы оқиғадан кейін өз еркімен қызметінен кетті.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, басшылардың қол астындағы қызметкерлерге деген жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген. Саяси шенеуніктердің тікелей бағыныштылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда қызметінен кетуге тиіс.

Тамара Рахымжанова еңбек жолын 2001 жылы Өскемен қаласында «ВНИИТцветмет» мекемесінде тазалықшы болып бастаған. 2014-2016 жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары «Өскемен-тәртіп» мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың желтоқсанына дейін – Глубокое ауданының әкімі.

Spkertis.kz сайтының басшылық бөлімінде Тамара Рахимжанованың «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның басшысы ретінде тағайындалғанын ресми түрде көре аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу