Өскеменнің үздік жастары марапатталды
Өскемен қаласы әкімінің жыл сайын өтетін «Алау-2022» жүлдесі аясында қаланың үздік жастары марапатталды.
Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін ұйымдастырылған сыйлық үздік деп танылған жастарға 7 номинация бойынша табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
4-ші мәрте өтіп жатқан «Алау-2022» сайысыныда жылдың «Үздік жас ұстазы» номинациясын Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің оқытушысы Ақерке Тоқтарбеккызы иеленді.
Айта кетелік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Алау» жастар сыйлығына биыл 76 өтініш қабылданған. Шара барысында 7 номинациядан бөлек үздік мобилограф, үздік асаба, қаладағы үздік локация, үздік шаурма және жыл жаңалығы атты арнайы жүлделер де жүйріктерге табысталды.