KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
510.59 578.91 6.37

ШҚО әкімі: Қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бағаланады

24.04.2025, 11:30 207 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысы нақты нәтижелерге негізделіп бағаланатын болады. Бұл туралы ШҚО әкімдігі отырысында белгілі болды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен жиында әкімдердің қызметін бағалау рейтингі нәтижелері жарияланып, арнайы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумға облыс әкімімен қатар Өскемен, Риддер, Алтай қалаларының және Алтай, Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының әкімдері қол қойды.

Облыс басшысы атап өткендей, ендігі жерде қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған негізгі өнімділік көрсеткіштері (KPI) негізінде бағаланады. KPI – әр әкім үшін нақты, өлшенетін, сандық немесе пайыздық мәндегі мақсаттар жүйесі. Оған ірі әрі маңызды жобалардың іске асуы, салық түсімдерінің артуы, жұмыс орындарының ашылуы және экономикалық өсім сияқты негізгі бағыттар енгізілген.

«Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына әкімдердің қызметін бағалау рейтингінің механизмін қайта қарау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бұл рейтингте KPI көрсеткіштерінің орындалуына басымдық берілуі керек. Әрбір әкім 2025 жылға дейін салық түсімдерін арттыру мен төрт нақты жобаны іске асыру бойынша нақты көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аталған KPI жүйесін сапалы енгізу үшін облыстық жұмыс тобы қала және аудан әкімдіктеріне іссапарлармен барып, көрсеткіштерді нақтылау жұмыстарын жүргізді. Бұл тәсіл мемлекеттік басқаруда ашықтық пен нәтижелілікке негізделген жаңа әдістерді енгізуді көздейді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу