ШҚО-да найзағай мен жел күшейеді: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ескертілді

pixabay.com
24 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында күрделі ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметіне сүйенсек, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал күндіз найзағай облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында күтілсе, шығысында жауын-шашын – көбіне жаңбыр түрінде түседі. Сонымен қатар, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз облыстың бірқатар аймағында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өскемен қаласында да найзағай күтіліп отыр.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға жолда сақтық танытып, арақашықтықты сақтауға кеңес беріледі.