KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
449.88 486.64 4.83

Даниал Ахметов: Отан қорғаушылар мерекесі – ұрпақтар сабақтастығының жалғасы

7.05.2023, 12:23 370 Дәурен Аллабергенұлы

Осылай деген облыс әкімі Даниал Ахметов 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде барша шығысқазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Өңір басшысы Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің бірлігі шынайы патриотизмнің үлгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

– Бұл мереке еліміздің әскер саласының барлық буынын біріктіреді. Оның ішінде Қарулы Күштер ардагерлері мен қазіргі Қазақстан Армиясының қатарында қызмет жасайтындар және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер бар. Сіздердің ұйымшылдықтарыңыз, қызметке адалдықтарыңыз, ортақ күшке деген сенімділіктеріңіз бен батылдықтарыңыз – нағыз отансүйгіштіктің үлгісі. Отан қорғаушылар күні құтты болсын! – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін облыс орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған барлық іс-шара қаланың сол жағалау бөлігінде орналасқан этнопаркте өтіп жатыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив