Күнбағыс тұқымын өңірден сыртқа экспорттауға не кедергі?
Шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысында кедендік баж енгізілген күнбағыс тұқымын экспорттау мәселесі әлі өзекті болып тұр.
Аграршылар оларды бизнеске қосымша жүктемеден босатуды және осы мәселе бойынша неғұрлым тиімді шешім қабылдауды сұрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәселен, 2023 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанда күнбағыс экспортына тоннасына 20% немесе 100 еуро мөлшерінде кедендік баж қолданылады. Бұл норма фермерлердің қалтасына қатты соғуда әрі бизнеске қосымша жүктеме болып тұр. Алғашында өңір фермерлеріне экспорттық баждың орнына күнбағыс тұқымын шетелге сатуға сандық квота белгілеуге уәде берілген-ді. бірақ бұл да орындалған жоқ.