KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды

19.06.2022, 11:23 222

Күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталау) бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілетін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен күнбағыс майын әкетуге енгізілген сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылғанын атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу