KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 2 м/с, Ю
504.76 593.8 6.5

Ертең Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Фото: akorda.kz

31.08.2023, 10:14 1 170 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі aqorda_resmi Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Жолдаудың мәтіндік трансляциясын Президенттің баспасөз қызметінің Телеграм- арнасынан оқуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу