KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, З
495.28 518.41 5.44

Электр энергиясы бойынша көрші елдерге тәуелді болмауымыз керек – Қ.Тоқаев

Фото: standard.kz

1.09.2023, 12:13 304 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы отандық электр энергиясы саласын жаңарту керектігін мәлім етті.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Жалпы, Қазақстан электр энергиясымен қамтуда импортқа, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс. Қазір болып жатқан жағдайға барлық жағынан, ең алдымен, мемлекеттің қауіпсіздігі тұрғысынан қайта қарау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ Президент жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру жалғасатынын айтты.

– Гидроэлектростанциялардың дамуына ерекше назар аудару қажет. Энергиямен, жылумен және сумен жабдықтау – біртұтас технологиялық өзара байланысты жүйе. Оған экономиканың жеке маңызды саласы ретінде қарау керек. Қазіргі тәсіл ескірген. Енді жаңа шешімдер қажет, – дейді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу