Азиада–2022: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды
Фото: olympic.kz
Оқ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы Азиа ойындары–2022 күміс медалін алды.
Ханчжоуда өтіп жатқан ойындарда ел атынан шыққан Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркуляев күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды Altaynews Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спортшылар пневматикалық винтовкадан (10 метр) қозғалмалы нысанаға оқ атудан командалық сайыста екінші орыннан көрінді.
Ал алтын медальді Оңтүстік Корея спортшылары, қола медальді Индонезия спортшылары алды.
Оқи отырыңыз