KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да «Инвестор жолы» қадамдық алгоритмі әзірленіп жатыр

4.03.2024, 13:51 332 Оразай Жеңісұлы

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін «Инвестор жолы» деп аталатын қадамдық алгоритм әзірлеп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде басқарма басшысының міндетін атқарушы Ольга Григорьева айтты.

Маман сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асады деп жоспарланған инвестициялық жобалар жөнінде де мағлұмат берген. Алайда аймақ басшысы Ермек Көшербаев нақты іске көшу керектігін айтып, баяндамашының сөзін бөлуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс әкімі инвестор жолы әуежайдан басталатынын айтты. Сондықтан жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

– Мамыр айынан бастап халықаралық рейстер ашылады. Ал облыс орталығындағы әуежай ішкі рейстерді жөнелтудің өзінде түрлі қиындықтарға тап болып жатыр. Әуелі осы мәселені реттеп алу керек, – деді әкім.

Өңір басшысы көлік басқармасының өкілдеріне жүктелген жұмысты ілгерілетуді тапсырды.

Сондай-ақ «шетелдік мейман» өңірдің түрлі саладағы әлеуетімен таныс болу үшін бірыңғай платформа болғаны жөн. Сонда ғана инвестор бюрократиялық шектеулерге немесе әкімшілік барерге тап болмайды. Осы мәселеге келгенде облыс әкімі цифрландыру басқармасының жұмысын сынға алды.

– Маған «Сергек» жүйесінің немесе ситуациялық орталықтың жұмысы жөнінде айта бергенді қойып, басқармалар жұмысын тиянақтайтын платформа немесе реестр құрумен шұғылданыңыздар, – деді әкім.

Сондай-ақ өңір басшысы барлық қала-аудан әкімдеріне инвесторларға іс жүзінде қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

– Инвестордың қолында ауданға не қалаға қатысты толыққанды ақпарат болуы қажет. Сонда ғана өңірдің инвестициялық тартымдылығы жайында сөз қозғауға болады. Әзірге бірде-бір ауданнан мұндай жұмысты, жұмысты қойып, талпынысты көріп отырған жоқпын, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив