KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында «Инвестор картасы» әзірленеді

Фото: info-profi.net

10.02.2024, 18:55 298 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанда инвестициялық жобаларды дамыту мақсатында «Инвестор картасы» әзірленеді. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жетекшілік ететін арнайы инвестициялық штаб құрылады. 

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев ел Үкіметінің кеңейтілген отырысы бойынша өткен жиын барысында құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

– Жалпы «Инвестор картасын» жасауды тапсырамын. Инвестор жоба туралы қалай біледі, ол қандай сатылардан өтеді, оған қанша күн кетеді, оған қандай ұйымдар жәрдемдеседі, қандай ережелер мен бұйрықтар оған көмектеседі немесе кедергі келтіреді. Осылайша аталмыш картада соңғы, яғни инвестициялауға дейінгі қадамдар қамтылуы керек, – деді облыс әкімі. 

Ермек Көшербаев облыстық әуежайды жекешелендіру бойынша инвесторларды тарту ісін мысал ретінде келтірді. Ол осы нысанды жаңғырту үшін әлеуетті инвестордың алдына қойылатын нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтау қажет екенін атап өтті. 

– Біз болашақ инвестордан нені қалаймыз? Әуежайдың мүмкіндігін кеңейту, әуежай кешеніне сәйкес келтіру, оны санат бойынша арттыру, одан әрі жаңғырту. Сайып келгенде, бұл жолаушылар ағынын арттыруға тиіс, жүк терминалын салу керек. Жолаушылар ағынының ұлғаюымен қатар туристердің келуі де артады, бұл қонақ үй қорының ұлғаюына, туризмнің дамуына септеседі, – деп атап өтті аймақ басшысы. 

Сонымен қатар Ермек Көшербаев экономиканың түрлі салаларына әлеуетті инвесторларды іздеу, тарту және одан әрі бағыт-бағдар беру бойынша жұмыс жүргізетін инвестициялық штабтың құрылатынын мәлімдеді. Штаб басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов тағайындалады. Инвестициялық штаб отырысы аптасына бір рет өтіп, онда әрбір аудан өз жұмыс нәтижелерін ұсынатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив