KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да инвесторларға арналған орталық ашылады

21.08.2019, 11:24 196

Биылғы жылдың қыркүйек айында өңір экономикасына қаржы құюды көздейтін инвесторлар жұмысын жеңілдетіп, көмек беретін арнайы орталық құрылады. Бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов хабарлады.

- Қазіргі уақытта Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірге инвестиция тартудың кешенді экожүйесі қалыптастырылуда, - дейді Ержан Айткенұлы. – Инвестордың идеясынан оның іске асырылуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын сценариі толық зерделенді. Биылғы жылдың қыркүйек айында Инвестициялық орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Біздің атқарушы мемлекеттік орган ретіндегі басты міндетіміз әр инвестордың инвестициялық жобаларын қолдап отыру.

Естеріңізде болса, бұған дейін аймақ басшысы Даниал Ахметов өңір экономикасына қаржы құюды көздеген инвестордың облыстағы инвестициялық жобалар туралы толыққанды ақпарат алуына және тараптармен келіссөздер жүргізуіне жағдай жасайтын Инвестициялық орталық құру жөнінде тапсырма берген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив