ШҚО-да су шайған жол қалпына келтіріліп жатыр
Көкпекті-Самар-Васильев өткелі жолына қарғын су жайылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық маңызы бар жолдың 43-ші шақырымында диаметрі 1,5 метр су өткізгіш құбыр болған, алайда ол қарғын суға төтеп бере алмады.
Күндіз жауған жаңбыр жағдайды ушықтыра түскен көрінеді.
Мамандар көлік қозғалысын тоқтатып, жолға қауіпсіздік белгілерін орнатты. Сонымен қатар суды бұрып, құбыр қалдығын бөлшектеді. Инертті материалдар мен жаңа құбырлар түнімен тасымалданады.
Көлік қозғалысы ертең кешке дейін қайта жандануға тиіс.
Оқи отырыңыз