KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
523.17 550.06 4.93

Күршімде су шайған жолдар қалпына келтірілді

15.03.2024, 10:07 156 Ләззат Қанатқызы

Наурыздың 13-і күні облыстық маңызы бар Күршім-Ақсуат жолының 7-ші шақырымында және Күршім-Қалжыр жолының 19-шы шақырымында еріген қар суы жолды шайып кеткен болатын. 
Жағдайды жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі бақылауына алып, тиісті жұмыстар дереу жүргізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Нәтижесінде Күршім-Ақсуат жолына топан судың ағынын бұрып, бір арнаға бағыттау үшін жолға диаметрі 1 метр, ұзындығы 10 метр болатын су өткізгіш құбыр орнатылды.

- Жол бойындағы қозғалыс 2 сағатқа шектелді. Қазір су деңгейі төмендеп, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.

Күршім-Қалжыр жолына да диаметрі 1 метр су өткізгіш құбыр орнатылған. Алайда ол еріген қар суына төтеп бере алмады. 

- Жол жиегіне палаткалар төселіп, судың бағытын бұрды. Қазір аталған жол учаскелері бақылауға алынған, ешқандай қауіп жоқ, - дейді басқарма мамандары.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыстың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Инертті материалдардың қажетті қоры дайындалған. Техникалар жеткілікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу