Су басу қаупін сейілтті – Тарбағатай
видеодан алынған кадр
Тарбағатай ауданында күн жылынып, қар жылдам еріп жатыр. Соның салдарынан су өткізгіш құбыр орнатылмаған көлік жолына қарғын су жайылып кетті. Дегенмен жағдай тұрақты, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар-Майқапшағай жолының учаскесінде (43-44 км) болған оқиға. Жергілікті атқарушы орган бірден қауіптің алдын алды. Мамандар арнайы техникамен жолды жырып, қарғын суды өткізді.
Дәл қазір қарғын судың ағыны күшті болғандықтан, бірден құбыр орнату мүмкін емес.
Осындай жағдайда Майқапшағай-Ақмектеп-Қарасу жолының 8-ші шақырымында да болды. Диаметрі бір метр құбырдан асып кеткен қарғын су Ақмектеп ауылына қаупін төндірген. Дегенмен мамандар дер кезінде жолды жырып, су ағынын бәсеңдетті. Жолға су өткізгіш құбыр салынып, жол ашылды. Елді мекенге төнген қауіп сейілді. Жергілікті билік жағдай бақылауда ұстап отыр.