KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

ШҚО-ның аудандарының бірінде қарғын суды бұрып жатыр

30.03.2024, 17:30 197 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Самар ауданындағы Қараөткел ауылынан 6 шақырым жердегі Көкжота – Қараөткел автожолына қарғын су жайылды.

Оған жаңбыр мен еріген қар суы себеп болып отыр. Қарғын су жолға жайылып, 125 адам Қараөткел ауылында қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қараөткел ауылында барлығы 37 жер үй бар. Қазіргі уақытта мұндағы тұрғындарға медициналық көмек қажет емес.

Құтқарушылар елді мекендерді су басу қаупі жоқ екенін айтып отыр.

- Жол жабынын аршып, су бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 6 техника, Төтенше жағдай департаментінен 2 құтқарушы маман мен 1 техника, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінен 2 адам мен 1 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Самар аудандық ішкі саясат бөлімі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив