KZ
Өскемен
-27°
плотный туман жел 1 м/с, В
515.89 536.32 5.17

Таксиде жол апатына ұшырадыңыз. Өтемақы төлене ме?

17.10.2024, 20:00 88 Төлеуғазы Жансая

Елімізде жыл сайын таксиге сұраныс артып келеді. Ал сапар кезінде кез келгеніміз жол апатына түсуіміз мүмкін. Егер жолаушы таксиде жол-көлік оқиғасына ұшыраса, оған қандай да бір өтемақы төлене ме? Бұл сұрақтың жауабын "Право знать" Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Егер жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы немесе жүргізуші жарақат алған болса, Қазақстандағы белгілі бір қосымшалардың пайдаланушыларына өтемақы төленеді. 

"Мысалы, кейбір компаниялардың қосымшасында барлық сапар 4 миллион теңгеге дейін сақтандырылған", - делінген хабарламада.

Жолаушылар мен жүргізушілер үшін сақтандыру тегін және ол жүргізуші "жолда" түймесін басқаннан бастап сапар аяқталып, қайтадан "аяқтау" батырмасын басқанға дейін автоматты түрде жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу