KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

«Болашақ» стипендиясы тағы 150 қазақстандыққа беріледі

фото: egemen.kz

4.09.2024, 17:00 106 Айжанат Бақытқызы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес, 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың басым бөлігі жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша  білім алады.  

Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. 

Жиын барысында Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Сондықтан ғылыми тағылымдамаға мемлекет үшін аса маңызды әрі экономикада жоғары сұранысқа ие мамандар ғана жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу