Шығысқазақстандық балуан "Қазақстан барысы" атанды
Шығысқазақстандық Дәурен Нұралинов "Қазақстан Барысы-2021" турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайды жеңді. Осылайша осымен оныншы рет өткен турнирдің тарихына жаңа чемипонның аты жазылды. 2019 жылы Дәурен Нұралинов "Халық Барысы" атанған еді.
«Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазына 25 000 000 теңге, алтын белбеу және алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ», ал балуанның бапкері Ербол Егебаевқа 3500000 теңге табысталды.
Оқи отырыңыз