KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды

10.06.2019, 06:23 183

Нұр-Сұлтан қаласында өткен биылғы доданың финалында жерлесіміз тағы бір шығысқазақстандық балуан Ерасыл Қажыбаевты жеңді.

Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 35 спортшы қатысқан жарыстың жартылай финалына Нұғымаров пен Қажыбаевтан бөлек, Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан) және Руслан Әбдіразақов (Алматы) шыққан болатын.

Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асырды.
Артынша Әбдіразақов Айбат Сейтенді жеңіп «Қазақстан барысы-2019» турнирінің үшінші орнын иеленді. Ал Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев арасында өткен финалдық белдесу тартысқа толы болды. Алғашқы ұпайды Ерасыл алғанымен, артынша семейлік жас балуан қателікке бой алдырып, қарсыласын алға жіберіп алды. Көп ұзамай Ерасыл есепті теңестіргенімен, тәжірибелі Айбек Нұғымаров шешуші сәтті бүк ұпайына ие болып, жеңісті жұлып әкетті.

Естеріңізде болса, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да «Қазақстан барысы» атанған болатын.

Турнир соңында Айбекке 25 миллион теңгенің сертификаты, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді. Ал екінші және үшінші орынға ие болған Ерасыл Қажыбаев пен Руслан Әбдіразақова сәйкесінше бес миллион және 1,8 миллион теңге берілді. Сонымен қатар балуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталғанын айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив