KZ
Өскемен
+1°
плотный туман жел 2 м/с, В
515.18 570.66 6.06

Үнді штаммы: Өскеменде жағдай қалай?

2.07.2021, 19:54 222

1 шілде күні үнді штамын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді. Нәтижелері бойынша, 48,3 пайыз үнді штамы барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылған.

Дегенмен өңірлер бойынша нақты статистика жоқ.

- Өскеменде де бар жоғын айта алмаймын. Бірақ Қазақстанның барлық жерінде бар деп жарияланды. Үнді штаммы тіркелді деген ресми хабар түссе, хабарланып, жарияланатын болады, - дейді Өскемен қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Маратбек Сайболатов.

Ол қалай? Басқарма білмесе, комитет ақпаратты қайдан алады деген сауалымызға басқарма басшысының орынбасары былай деп жауап берді:

- Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек: ПТР-тест талдауын алынғаннан кейін өңделіп, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларына жіберіліп, сол жақтан анықталады. «Дельта» штаммы бар ма, жоқ па деп отырмаймыз. Ол бар, ол жанымызда деп түсініп, тұрғындар вакцина алу керек, - деп түсіндірді Маратбек Сайболатов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу