Өскеменде үнді шайының жәрмеңкесі өтеді
Өскеменде этнофестиваль өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Бақыттымыз бірге біз» деп аталатын фестиваль 6 қыркүйекке жоспарланып отыр. Аталмыш шара Қасым Қайсенов (Жастар) саябағында сағат 15:00-де басталып 19:00-ге дейін жалғасады.
Этнофестивальге келушілер үшін Үндістан киімдері мен қолөнершілерінің түрлі бұйымдары көрмеге қойылады. Мерекелік бағдарламада ән мен бидің отанынан келген қонақтар Шрути Гхош пен Трилока Нараяна үнді биінен шеберлік сағатын өткізеді. Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттердің шайынан жәрмеңке ұйымдастырылмақ.
Оқи отырыңыз