10 сәуірден бастап трамвайда жол жүру құны – 80 теңге
10 сәуірден бастап Өскемендегі қоғамдық теміржол көлігінде жүру бағасы 80 теңге болады, деп хабарлайды Altaynews тілішісі.
Мұндай шешімді бүгін трамвай паркі шығарды.
Еске салайық, бұған дейін трамвайда жол жүру бағасы 90 теңге болуы мүмкін деген. Алайда қалалық әкімдіктің араласуымен билет бағасы 25 теңгеге емес, 15 теңгеге көтерілетін болды.