KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Елді-мекендер мен көше атауларын өзгертуге мораторий енгізілмек

12.02.2021, 10:22 261

Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атауға мораторий енгізу мәселесін қарады.
Бұл мораторий әкімшілік-аумақтық бірліктерді (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) құруға, таратуға және қайта құруға, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауына және оны қайта атауға байланысты болады.

Айта кетейік, Қазақстанда онлайн-халық санағы 1 қыркүйекте басталып, 2021 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы үшінші санақ болады.

Халық санағы арнайы sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар қай жерде екеніне қарамастан өзі және отбасы мүшелері туралы ақпаратты енгізе алады.

Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық норма сақтала отырып өткізіледі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив