Алтайда үйлерді орталық жылу жүйесіне қосып жатыр
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысовтың онлайн-есебіне қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Алайда аудан орталығы тұрғындарының бірқатар өзекті мәселелері де айтылып жатты. Мысалы ауданда жеке сектордағы үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу мәселесі.
- Өткен 2020 жылы орталық жылу желісіне 50 абонент қосылды. Техникалық шарттарды алғаннан кейін тағы да қосылатын болады, - деді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.
Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы Серебрянск қаласында қазандық агрегатын ауыстырумен қалалық қазандықты жаңарту жұмысы аяқталды. Жылу сорғы станциясы салынды. Қазіргі уақытта Жаңа Бұқтырма кентінде ұзындығы 8,4 километр жылумен жабдықтау желілерінің бірінші кезегін қайта жаңарту және екі жаңа сорғы станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.