KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Алтай ауданында 60 пәтерлі жаңа үй көпбалалы отбасыларға берілді

2.03.2020, 05:09 291

Алтай ауданы әкімдігі 2017 – 2019 жылдар аралығында ауданда атқарылған ауқымды шаралар туралы ақпарат таратты. Мәлімет бойынша, ауданда 482 көпбалалы отбасы тұрады. Оларға бөлінген атаулы әлеуметтік көмектің сомасы –  112, 6 миллион теңге көлемінде.

Сондай-ақ биыл Алтай қаласы Рудная көшесіндегі 60 пәтерлі жаңа үй аз қамтылған отбасыларға берілді. Ашып айтсақ, пәтерге 27 көп балалы отбасына, 12 жетім балаға, 4 толық емес отбасына, 4 соғысқа қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғалардың шаңырағына, 4 мүгедек, 5 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы, 4 зейнеткер ие болды. 

 

Жол құрылысы

Жол құрылысы саласында ұзындығы 32 километр, жалпы сомасы 12 млрд. теңге Осинов асуын айналып өтетін «Өскемен-Алтай» республикалық жолының жұмысы жалғасуда.

Республикалық трассадағы Васильевка ауылынан Снегирево ауылына дейін 25 километр жолға орташа жөндеу жүргізілді.  

Республикалық трассада ұзындығы 4,4 км (Алтай қаласына кіреберістегі стелладан Березовское а. дейін) жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар орындалуда.

Республикалық жолда барлығы жалпы сомасы 738 млн. теңгеге жол жұмыстары орындалды.

2017 жылы 58,0 млн. теңге бөлінді, 5 көше жөнделді (Алтай қаласы: Ломоносов, Лермонтов, Брилин, Шахтостроителей көшелері, Парыгино ауылында Центральная көшесі).

2018 жылы о 507 млн. теңге бөлінді, 21 көше жөнделді(Алтай қаласында 17 көше, Серебрянск қаласында 2 көше, Парыгино және Зубовск ауылдарында бір бір көшеден).

2019 жылы Алтай қаласында  Алтае Промышленная, Тохтаров көшелері, бұрынғы Коммунистическая, Астана, Курчатов көшелері жөнделді.

Серебрянск қаласы бойынша орталық алаңды, Веденеев, Графтио, Гаражная көшелерін қамтып ленин көшесі  жөнделді.

 

Абаттандыру

Былтыр  спорт және балаларға арналған 25 алаңның құрылысы орындалды. Тротуарларға ағымдағы жөндеу жүргізілді және 3 көпқабатты үй аулаларына асфальт төселді.

9 мамыр Жеңіс мерекесіне орай Кеңес Одағының Батырларына мемориалдық ескерткіштер орнатылды.

Аудан орталығының көшелеріне 35 мыңнан астам гүл егілді.

 

Білім беру

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандағы 31 мектеп  Wi-Fi сымсыз желісімен жабдықталды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап аудандағы  30 мектепте   IT-сыныптар ашылды.

225 бірлік компьютер техникасы және  32 (отыз екі) интерактивті панель сатып алынды.

Энергия сақтау бағдарламасы бойынша 3 мектепке дүниежүзілік банктен қаржыландыру арқылы 180 миллионнан астам теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Октябрьский мектебі, № 1 бастауыш мектебі, № 8 мектеп).

Алтай қаласының №9  ОМ және №11 ОМ мүмкіндігі шектеулі азаматтары үшін 15,4 млн. теңге  сомасына бейімделу жұмыстары жүргізілді.

 

Денсаулық сақтау

2018 жылғы қыркүйекте компьютерлік томографпен жабдықталған  инсульт орталығы ашылды.

2019 жылғы ақпаннан бастап Алтай қаласының перзентханасы аймақтандырудың 3 деңгейіне ауыстырылды.

2018-2019 жылдары перзентхана уақытына жетпей туылған, салмағы жеткіліксіз балаларды күтуге мүмкіндік беретін 357 млн. теңге сомасына заманауи жабдықтармен жабдықталды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Алтай қаласының перзентханасына 341,2 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Жалпы сомасы 700 миллионнан астам  теңге.

Заманауи жабдықтарды толықтай пайдалану мақсатында 9 дәрігер-маман былтыр Лондонның(Англия) жетекші клиникалары негізінде оқып келді.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 5 дәрігер Вильнюс (Литва) клиникасында оқып келді.

 

Су жүйелері

Республикалық және облыстық бюджеттің бірлесіп қаржыландыруы есебінен Алтай қаласын сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша жалпы ұзындығы 185 шақырымдық (сомасы 4,6 млрд. теңге)  2 үлкен жоба жүзеге асырылуда. 

Алтай қаласы Рудная көшесіндегі екі 60 пәтерлі тұрғын үйге сумен жабдықтау және су тарту желілерінің құрылысы бойынша 152 млн. теңге сомасына жұмыстар аяқталды.

Алтай қаласында, сонымен қатар республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 235 млн. теңге 2 канализациялық су сорғыш станциясының жабдықтарын ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталады. 

Тұрғысын, Малеевск, Путинцево ауылдарында су құбырлары желілерінің (32 км, үлгілі құны 1 млрд. теңге) құрылысына және Серебрянск қаласының су құбырлары желілерін(12 км, үлгілі құны 1,5 млрд. теңге)  қайта құруға 4 жоба (жалпы құны ЖСҚ – 43,5 млн. теңге) жолданды.

Аудандық бюджет есебінен Октябрьский к. және  Бұқтырма станциясының су құбырлары желілерін қайта құру бойынша  1,5 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеу аяқталады. 

Серебрянск қаласының сумен жабдықтау саласында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 242 млн. теңге сомасына қалалық қазандықта қазандық агрегатын ауыстырып, қайта құру жүргізіледі.

 

Айта кету керек, бұл жылдар аралығында ауданда Нұржан Тоқсейітов әкім болған. Ол қазіргі уақытта Үржар ауданына әкім болып тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу