ШҚО элеваторында бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында элеваторда бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«Элеватор» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді. Тексеру барысында 16 нысан (өсімдік шикізатын сақтау объектілері, лифт және басқалар) тексерілді.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды», - делінген ақпаратта.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалар басшыларының білімін тексеруді қамтамасыз ету бойынша талаптар сақталмауы (заңды тұлғаның басшылары білім тексеруден өтпеген); металл сынықтары мен құрал-жабдықтарды сақтауға арналған арнайы орындардың болмауы; норилердің басында «ТОҚТА» түймесінің болмауы; конвейер қозғалтқышының жер контурына қосылмауы және тағы басқа бұзушылықтар.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі астықты сақтау және жинақтау болып табылады.