KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Үкімет ет экспортын ұлғайту шараларын әзірлеуді тапсырды

6.01.2026, 13:30 116 Айна Бакимбаева

Ет экспорты мен мал шаруашылығын дамыту бағытында Премьер-министр нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Үкімет отырысында Олжас Бектенов Мемлекет басшысының егін шаруашылығындағы оң нәтижелерге жоғары баға бергенін, сонымен қатар Президент мал шаруашылығы саласындағы жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталғанын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір апта мерзім ішінде ет өндірісі мен экспорт көлемін ұлғайтуға бағытталған нақты шаралар әзірлеу, сондай-ақ мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Бұдан бөлек, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту міндеті қойылды.

Премьер-министр егін шаруашылығында тікелей субсидиялаудан гөрі жеңілдетілген несие беру тетігінің тиімділігі дәлелденгенін атап өтті. Осы орайда министрлік «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығын қолдаудың осындай қаржылық құралдарын кеңейтуді жалғастыруы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу