KZ
Өскемен
-33°
туман жел 2 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

Сөзден іске көшу: Үкімет Президент қойған міндеттерді орындауға басымдық береді

6.01.2026, 14:30 138 Айна Бакимбаева

Үкімет отырысында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарын айқындап бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Президенттің сұхбатында алдағы кезеңге арналған нақты мақсаттар мен міндеттер белгіленген. Осыған байланысты барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар оларды сапалы әрі уақтылы іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруы қажет, деп хабарлайды Altainews.kz.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысында нәтижеге бағытталған тәсілге көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол бюджеттік қаражатты барынша үнемдеп, нақты нәтиже беретін шешімдер қабылдауды тапсырды.

«Сөзден іске көшу қажет. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, нақты нәтиже көрсету керек. Есеп беру мен презентация жасауды доғару қажет. Нәтиже болмаса, мұның бәрі бос әңгіме. Егер қандай да бір бағытта жұмыс істей алмасаңыздар, оны ашық айту керек. Бұл мәселелер тиісті түрде шешіледі», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Үкімет мүшелері мен орынбасарларына барлық берілген тапсырмалардың орындалу барысын өз бағыттары бойынша қатаң бақылауда ұстап, үйлестіруді тапсырды.


Фото: ҚР Үкіметі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу