KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

Өскеменде «Халық бухгалтері» акциясы аясында ашық есік күні өтті

6.01.2026, 14:00 141 Даурен Аллабергенұлы

Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қаржы министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы аясында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесе ұйымдастырып, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсетуге бағытталды.

Ашық есік күні барысында мамандар жаңа Салық кодексінің нормаларын, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, жаңа арнайы салық режимдеріне көшуге қатысты өтпелі ережелерді, қосылған құн салығы бойынша есепке қою және есептен шығару тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу мәселелерін түсіндірді. 

Салық төлеушілердің жиі қойылатын сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

 – Кеңес беру барысында такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалардан түскен сұрақтарға ерекше назар аударылды. Аталған санаттағы салық төлеушілер үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу тәртібі, тіркелу ерекшеліктері, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері жиі көтерілді. «Халық бухгалтері» акциясы аясында өткізілген Ашық есік күні мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында сервистік тәсілді дамытуға, салықтық сауаттылықты арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды, – деді ашық есік күнінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова.

Қоса кетейік, «Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған кеңестер бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу