KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, ОШ
512.83 600.58 6.36

Өңірде өртке жедел әрекет етуге арналған нысандар іске қосылады

Кеше, 11:00 62 Базарова Айгүл

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды екі нысан ашылады. Altainews.kz ақпараты бойынша салтанатты рәсімге өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысады деп күтілуде.

Үлкен Нарын ауданындағы Алтынбел ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру пункті пайдалануға берілсе, Марқакөл ауылында жаңартылған өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылады.

Аталған нысандар ауылдық жерлерде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді. Жеке құрам үшін қажетті жағдай жасалып, материалдық-техникалық база нығайтылған. Бұл бастамалар өңірдегі қауіпсіздік деңгейін күшейтуге бағытталып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу