KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, З
509.94 593.88 6.43

Республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

6.01.2026, 17:00 114 Базарова Айгүл

«КАЖсервис» ЖШС филиалының мәліметінше, 2026 жылғы 6 қаңтар күні сағат 17:00-ден бастап Ресей Федерациясы аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бағытта жол қозғалысы шектетілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бұрқасын, жол көрінуінің төмендеуі, қатты жел салдарынан «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырым аралығында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Аталған учаскеде жолаушылар автобустарының, сондай-ақ тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат етілмейді.

Жол қозғалысына қатысушылардан ауа райы жағдайын ескере отырып, сапарларын алдын ала жоспарлау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау сұралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу