Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының отбасына Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені табысталды
Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының отбасына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz.
2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Ұлы Отан соғысында ерлік пен батылдық көрсеткен Бауыржан Момышұлының туыстары Зейнеп Ахметова мен Ержан Момышұлына Президент атынан айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды.
Сондай-ақ, Ерлан Қарин қайсар рух пен өр мінездің символына айналған Бауыржан Момышұлының өмірі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті.
Фото: Ақорда