KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Көкпекті ауданында заманауи екі бассейн салынбақ

6.01.2021, 13:09 313

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.
Аудан басшысының сөзінше, заманауи екі бассейннің бірі – Көкпекті ауылында, екіншісі Самар ауылдық округінде салынбақ.

– Біз қашан да спортқа ерекше мән беруге тырысамыз, өйткені спорт - ұлттың саулығы. Бұл туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып жүреді. Осы мақсатта өңір басшысы Даниал Ахметов ауданымызда спорт саласының дамуына айрықша көңіл бөлетінін ерекше айта кеткім келеді, – деді Серікқазы Құсайынұлы

Сәтін салса Даниал Кенжетайұлының қолдауымен биыл ауданның екі жерінде бассейн құрылысы қолға алынбақ.

– Бұл уақыт өте келе ауданымызды су спорты түрлерінің орталығына айналдыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді аудан әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу