KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Бокс, грек-рим, волейбол. Көкпектідегі кешен қалай жұмыс істейді?

20.10.2020, 12:48 271

Көкпекті ауданының әкімі жақында салынған шынықтыру-сауықтыру кешенінің алдағы жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ақпарат орталығында Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов баспасөз конференциясын өткізді. Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталған аудан басшысы шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы туралы да сөз қозғады.

– Кешен толықтай салынып бітті. Құрылыс жұмыстарына 702 миллион теңге жұмсалды. Жұмыс жоспарына келсек, воллейбол, грек-рим күресі, бокс сынды үйірмелері ашылатыны анық. Өзге де жоспарларды қауым болып ақылдаса келе жүзеге асырамыз. Жалпы нысанды бірінші қарашада салтанатты түрде ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Серікқазы Сәдуақасов.      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу