KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Тарбағатайдағы төрт жыл бұрын тоқтап қалған мектеп құрылысы қайта жанданады

30.04.2019, 03:15 176

Биыл Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп қолданысқа берілмек. Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Ақжардағы мектептің құрылысы белгісіз себептерге байланысты тоқтап қалған болатын. Таяуда аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов сол «сақалды» құрылыстың жұмыс барысымен танысып, мердігер компания өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында аудан басшысы мектеп құрылысын келер оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды. 

– Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалайтын боламын. Өйткені біз балалардың сапалы білім алып, саналы азамат ретінде қалыптасулары үшін, барлық жағдайды жасауымыз керек, - дейді Серікқазы Сәдуақасов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив