Оқушылар үшін арнайы көлік картасы жасалып жатыр – Өскемен
Өскемен қаласының мекетеп оқушылары қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын ID-карта арқыл төлейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы жолаушылар тасымалын басқару орталығы мәлімдеді.
– ID-карта жобасы жасалып жатыр. Оларды кез-келген қоғамдық көлікте қолдануға болады. 7-15 жас аралығындағы оқушыларға жеңілдік жасалады. Яғни олар жеңілдікті карта арқылы жол жүру ақысының 50 пайызын ғана төлейді, – дейді орталық басшысы Әби Әлменбетов.
Оның айтуынша, кәмелет жасқа толмаған көп балалы отбасындағы оқуышлар үшін 4500 жеңілдікті карта жасалып, таратылып қойған.
Оқушыларға арналған көлік картасы қашан түгел жасалып, сатылатыны туралы жолаушылар тасымалын басқару орталығы кейінірек нақты мәлімдейтін болды.
Оразай Жеңісұлы