Өскеменде электронды билеттендіру жүйесі қашан іске қосылады?
Өскемендегі қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу екінші желтоқсанға жоспарланған еді. Алайда облыс орталығындағы шектеу шараларына байланысты бұл іс кейінге шегеріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері көлік картасы сатылымға шығатын уақытты да дөп басып айта алмай отыр.
– Көлік карталарын 13 қарашадан бастап сатуды жоспарладық. Алайда сату орындарында адамдар топтасып, жиналып қалуы мүмкін. Сондықтан карталарды сату кейінге қалдырылды. Енді электрондық билеттендіру жүйесі іске қосылатын күнді де нақтылай алмаймыз, – деді журналистермен жүздескен «Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС-ның басшысы Әби Әлменбетов.
Орталық басшысының айтуынша, қазір карталарды «Қазпошта» арқылы тарату мәселесі қарастырылып жатыр.
– Яғни біз айтқан 20 карта сату орнына тағы 20-25 пункті қосылуы мүмкін, – деді Әби Үсенұлы.
Оразай Жеңісұлы

Оқи отырыңыз