KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтті? (Фоторепортаж)

1.05.2022, 14:25 5 456

Қаланың орталық алаңында мерекелік шаралар өтті. Бұл күні қала тұрғындарын облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі Қазақстан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Бір жерде барлық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ел ұлт мәселесін дана шешудің үлгісіне айналды.

Тілеубек Шаяхмет

Қала тұрғындары үшін жәрмеңке, сауда павильондары орналастырылды. Құрт пен бауырсақтан дәм татып, хош иісті алтай балын да дәо осы жерден сатып ала алды. Тайқазандарда ет асылып, палау әзірленді.

Мереке-жәрмеңке

Жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Балалар өздерін қазақтың нағыз батырлары сезініп, атқа мініп қайтты. Одан бөлек, кішкентай бүлдіршіндерге батпырауықты қалай дұрыс ұшыру керектігі көрсетілді.

-  Біз үшін бұл көптен бері отбасылық және сүйікті мереке айналған. Алаңға балаларымызбен, немерелерімізбен келеміз. Адамдар күліп, құшақтасып, мерекелік атмосфераны сезінеді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын және бізге, қазақстандықтарға, бейбітшілік, махаббат және өркендеу тілеймін! – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Әлия Отарбаева.

Тілеубек Шаяхмет

Сәлден соң мерекелік концерт басталды. Оған қаланың үздік ән және би ұжымдары қатысты. Олардың арасында әйгілі «Әнсалдар», «Пируэт» тобы бар. 

Тілеубек Шаяхмет

Ансамбль репертуарында Қазақстанның көптеген халықтарының билері бар. Жақында «Пируэт» өнерпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өткен беделді халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Тілеубек Шаяхмет

Өскемендіктердің көпшілігі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігі күні сүйікті мерекеге айналғанын және барлық этностарды одан әрі біріктіріп, достық пен келісімде бірге өмір сүруге қызмет ететінін атап өтті.

Тілеубек Шаяхмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу