KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Түріңізді сатасыз ба? – Робот жасайтын шетелдік компания хабарландыру берді

4.11.2019, 11:07 324

Түріңізді сату туралы ойлап көрдіңіз бе? XXI ғасырда бәрі мүмкін. Сіздің түріңіз үшін қомақты сома ұсынылады – 125 000$. Мұндай хабарландыруды шетелдік Geomiq компаниясы жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш компания робот жасаумен айналысады. Роботтарды адамға барынша ұқсату үшін адамдардың түрін сатып алуды көздеп отыр. Яғни, түріңізді сатып алса, әлемде дәл сіз секілді робот пайда болады.

Гуманоид-роботқа арналған түрді компания 125 мың долларға сатып алмақ. Мұндай роботтар қарт адамдарға күтуші ретінде пайдаланылады. Сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап – түрі мейірімді болуға тиіс.

Жоба келер жылы жүзеге асырылады екен.

Өтінім мен фотосуретті faces@geomiq.com электронды поштасына жіберуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив