Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алады
Фото: egemen.kz
Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, ұзақ сапар үшін тиісті виза рәсімдеу қажет, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.
Жарамды жол жүру құжаты – ҚР азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.