KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына тікелей шыққан сегіз команда анықталды

pixabay.com

30.01.2025, 18:00 1 367 Төлеуғазы Жансая

УЕФА Чемпиондар Лигасы – 2024/2025 маусымының 1/8 финалына тікелей шыққан сегіз команда белгілі болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Tengri Sport порталына сілтеме жасап.

Бұл командалар: «Ливерпуль», «Барселона», «Арсенал», «Интер», «Атлетико», «Байер», «Лилль» және «Астон Вилла». Олар жалпы топтық кезеңде үздік сегіздіктің қатарына еніп, плей-офф кезеңінің 1/8 финалына бірден жолдама алды.

Ал «Аталанта», «Боруссия», «Реал», «Бавария», «Милан», ПСВ, ПСЖ, «Бенфика», «Монако», «Брест», «Фейеноорд», «Ювентус», «Селтик», «Манчестер Сити», «Спортинг», «Брюгге» командалары топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 9-24 орындарды иеленді. Олар 1/8 финалға шығу үшін қосымша стык матчтар ойнайды.

Стык матчтарының сегіз жеңімпазы үздік сегіздікке енген клубтардың бірімен 1/8 финалда кездеседі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу