Өскеменде су сору жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Коммуналдық қызметтер облыс орталығы көшелерінде су сору жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.
7 наурыз күні күн райы жылынып, жауын-шашын жаууына байланысты кейбір тұрғын үй аулалары су астында қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорны тұрғындарға аулаларды су басқан жағдайда қайда хабарласуға болатынын айтты.
- Әр түрлі аудандардан хабарламалар келіп түсуде. Атап айтқанда, Ахмер, “Металлург” сауда үйінің маңы мен Астана көшесіндегі тұрғын үйлер бар, - дейді жауапты мекеме.
Желіде 10-нан астам арнайы техника мен 50-ден астам адам проблемалық учаскелерде кезекшілікте болмақ.
- Төтенше жағдайлардың алдын алуға тырысамыз. Су тасқыны қаупі туындаған жағдайда, 53-25-77, 8 777 331 85 36 телефондары немесе @tazaoskemen аккаунтының жекесіне хабарлауды сұраймыз, - “Таза Өскемен” ШЖҚ КМК.
Оқи отырыңыз