KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Өскеменде Наурыз мерекесі қалай тойланады?

15.03.2023, 16:33 461 Ләззат Қанатқызы

Наурыз мейрамы қарсаңында облыс орталығында 200-ден астам іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.

Өскеменде биыл Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында 10 күн бойы тойланбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 14 наурыз күні қаланың белсенді жастары сауда үйлерінде қазақтың ұлттық киімдерімен акция өткізді. 17 наурыздан бастап төл жаңа жыл кеңінен атап өтіледі. Яғни, жұма күні Комендантка өзенінің арнасында жастарға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады, - дейді қала әкімдігі.

Ал, 18 наурыз күні «Happy Наурыз» атты қайырымдылық акциясы өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды құттықтау жоспарланған.

20 наурызда субұрқақ бөлігінде сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Шығыс Қазақстан өнер колледжінің "Наурыз бірлік мерекесі" атты концерттік бағдарламасы өтеді.

21 наурыз күні субұрқақ бөлігінде сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін "Ертіс концерттің" мерекелік бағдарламасы жоспарланған. Ал, қала бойынша ауқымды іс-шаралар 22 наурыз күні өтпек.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу