KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Өскеменде Наурыз мерекесіне орай донорлық акция өтеді

16.03.2023, 11:31 224 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде Наурыз мерекесіне орай донорлық акция өтеді.

Қайырымдылық шарасы 20 наурызда қан орталығында болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Донорларды қабылдау: сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін. Акцияға қатысамын деушілер өзімен бірге жеке куәлігін ала келсе жеткілікті.

«Бұл күні барлық донорлар мерекелік дастарханнан дәм татады және оларға іс-шара серіктестерінің сыйлықтары табысталады» - дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара өтетін мекен-жай: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, Көкжал Барақ көшесі, 11. Анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 8-705-176-18-01, 8-705-176-17-99, 8-705-500-56-32, 8-705-500-58-19, 8-705-752-09-64.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив